«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қонаев қаласында аулалар мен көшелерді тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Қала аумағында коммуналдық қызметтер мен жауапты мекемелер санитарлық тазалықты сақтау мақсатында күнделікті жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, көшелер сыпырылып, қоқыс шығарылып, аулалар абаттандырылуда.
Аталған жұмыстар қаланың көркеюіне, экологиялық жағдайдың жақсаруына және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

