Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметтіңбасты қағидаты

Мемлекеттік қызмет – халық пен мемлекеттіңарасындағы сенімді байланысты қалыптастыратын жауаптысала. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің кәсібибіліктілігімен қатар, оның әдептілігі, жауапкершілігі, адалдығы және азаматтармен қарым-қатынас мәдениетіерекше маңызға ие. Осы талаптарды жүйелейтін негізгіқұжат – Қазақстан Республикасы мемлекеттікқызметшілерінің Әдеп кодексі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттікқызметшілердің Әдеп кодексі мемлекеттікқызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегіжәне қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарынайқындайды. Кодекстің негізгі мақсаты – мемлекеттікқызметтің беделін арттыру, қоғамның мемлекеттікаппаратқа деген сенімін нығайту және мемлекеттікқызметшілер арасында жоғары әдеп мәдениетінқалыптастыру.

Мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық міндеттерінатқару барысында заңдылық, әділдік, ашықтық жәнебейтараптық қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс. Олазаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына мұқият қарап, әрбір адамға құрметпен әрі сыпайылықпен қарауы қажет. Қызметтік өкілеттіктерді жеке мүдде үшін пайдалануға жолбермеу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінеқарсы тұру және мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау – әрбірмемлекеттік қызметшінің азаматтық әрі кәсіби борышы.

Әдеп кодексінің талаптары тек жұмыс орнында ғанаемес, қызметтен тыс уақытта да сақталуы тиіс. Мемлекеттікқызметші күнделікті өмірінде де қоғам алдында жоғарымәдениет пен адамгершіліктің үлгісін көрсетуі қажет. Себебі оның іс-әрекеті мен мінез-құлқы мемлекеттікқызметтің беделіне тікелей әсер етеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің бастықағидаттарының бірі – «Адал азамат – Адал еңбек – Адалтабыс» құндылықтарын дәріптеу болып табылады. Бұлқағидаттар мемлекеттік қызметшінің кәсіби қызметіндеадалдық пен жауапкершілікті, әділ шешім қабылдауды жәнехалықтың сеніміне лайық қызмет етуді көздейді. Әдепкодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау – осы құндылықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың маңызды тетігі.

Әдеп нормаларын сақтау – әрбір мемлекеттікқызметшінің заң алдындағы ғана емес, қоғам алдындағыжауапкершілігінің де көрінісі. Азаматтармен қарым-қатынастағы сыпайылық, қызметтік міндеттерді адалорындау және қабылданған әрбір шешім мемлекеттікоргандардың оң беделін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қорытындылай келе, Әдеп кодексі – мемлекеттікқызметшінің кәсіби қызметіндегі басты моральдық әріқұқықтық бағдар. Оның талаптарын сақтау мемлекеттікқызметтің тиімділігін арттырып қана қоймай, халықтыңмемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпалетеді. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші Әдепкодексінің қағидаттарын күнделікті қызметінде басшылыққаалып, заңдылықты, әділдікті, адалдықты және жоғары әдепмәдениетін берік ұстануы тиіс. Сонда ғана халыққа сапалымемлекеттік қызмет көрсетіліп, құқықтық мемлекетқағидаттары нығайып, еліміздің тұрақты дамуына берікнегіз қаланады.

Іле ауданы әкімі аппаратының
әдеп жөніндегі уәкілі
Асқар САДЫҚОВ

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke