❗ Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!
Ауа райы тұрақталғанға дейін таулы аймақтарға барудан, өзен аңғарлары мен шатқалдарда демалудан бас тартуға шақырамыз.
Сел қаупі кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
- ауа райы болжамдары мен ресми ескертулерді тұрақты бақылаңыз;
- нөсер жауын кезінде өзен арналары мен сай-салалардан алыс болыңыз;
- өзен жағасында, сел жүруі мүмкін аңғарларда және тау бөктерінде шатыр тікпеңіз;
- көлігіңізді өзен арналарының, көпірлердің және тау өзендерінің маңына қалдырмаңыз;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, олардың қауіпті аймақтарға баруына жол бермеңіз;
- тауға шығуды, жаяу серуендеуді және туристік бағыттарға баруды кейінге қалдырыңыз;
- сел қаупі туындаған жағдайда немесе су деңгейі күрт көтерілсе, дереу қауіпсіз, биік жерге шығыңыз;
- электр сымдарына, опырылған ағаштарға және зақымданған құрылыстарға жақындамаңыз;
- төтенше жағдай орын алса, 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.


