«Қапшағай тынысы» ЖШС – «Нұрлы өлке» газетінің меншік иесі (бұдан әрі – Газет) 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты үгіттік материалдарды орналастырудың шарттары, тәртібі және төлем мөлшері туралы хабарлайды.
ГАЗЕТТІҢ БАСПА АЛАҢЫН ҰСЫНУ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
Үгіттік және ақпараттық материалдарды орналастыру үшін төлем мөлшері:
- Газеттің баспа беттерінде журналистік материалдар жарияланатын беттерде мақалалар мен модульдерді орналастыру – ҚҚС-ты қоса алғанда 1 шаршы сантиметр үшін 250 (екі жүз елу) теңге;
- Газеттің интернет-ресурсында (сайтында) орналастырылатын материал үшін – әрбір сөзге 200 (екі жүз) теңге.
Төлем Газет ұсынған шот негізінде, шот ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) банктік күннің ішінде жүргізіледі.
Төлем Газет пен тапсырыс беруші арасында жасалған шартта немесе ұсынылған шотта көрсетілген банктік деректемелер бойынша жүзеге асырылады.
«Қапшағай тынысы» ЖШС директоры Д. ЖОЛДАС



