🌟 Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесі жаңа жұмыс форматына көшті

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің (ОКК) жұмыс форматы жаңартылды. Енгізілген өзгерістер мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін жедел шешуге және еліміздегі іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған.

Енді Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырыстары нақты салалардағы өзекті мәселелерді шешуге арналған тақырыптық форматта өтеді.

Жаңа тәсіл қатысушылар құрамын икемді қалыптастыру қағидатын енгізуді көздейді. Бұдан былай бизнес өкілдері мен салалық қауымдастықтар Кеңес отырыстарына күн тәртібі мен қаралатын мәселелерге сәйкес нысаналы түрде шақырылады. Бұл әрбір отырыстың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кеңестің жұмыс органы отырыс тақырыбына қарай Кеңес мүшелері мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерін шақырады. Сонымен қатар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Кеңес отырыстарының өткізілу жиілігі арттырылды. Нарықтағы өзгерістерге жедел ден қою мақсатында енді Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

Жаңартылған форматтың тиімділігі жуырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Кеңес отырысында айқын көрініс тапты. Отырыс Мемлекет басшысының отандық фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелеріне арналды.

Ашық диалог барысында мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және фармацевтика саласының өкілдері төмендегі бағыттар бойынша нақты ұсыныстар әзірледі:

  • отандық өндірісті ынталандыру және қолдау;
  • мемлекеттік сатып алу тетіктерін жетілдіру;
  • халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қолжетімділігін арттыру.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр саланы одан әрі дамытуға бағытталған нақты хаттамалық тапсырмаларды тиісті министрліктер мен ведомстволарға жүктеді.

Бүгінде Отандық кәсіпкерлер кеңесі мемлекет, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қазақстандық бизнес арасындағы жүйелі әрі тікелей диалогты қамтамасыз ететін маңызды консультативтік-кеңесші алаң болып қала береді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke