-4.1 C
Алматы
6 C
Капшагай
Воскресенье, 24 ноября, 2024
spot_img

Алматы облысы діни бірлестіктерінің басшылары қоғамдағы рухани келісім мәселесін талқылады

Бүгін, 17 қазан күні «Рухани келісім күні» мерекесіне орай Алматы облысындағы діни бірлестіктер көшбасшыларының басын қосқан «Қоғамдағы рухани келісімді нығайтудағы діннің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

«Best Western Plus Atakent Park Hotel» қонақ үйінде ұйымдастырылған іс-шараға әртүрлі діни конфессиялардың көшбасшылары, мемлекеттік органдар мен дін саласындағы сарапшылар қатысып, пікір білдірді. 

Атап айтқанда, Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке мен мекеменің басқа да өкілдері, исламдық, православтық, католиктік, баптистік, кришнаиттік және басқа да әртүрлі конфессия өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел қатысушылары қазіргі таңдағы әлемдегі гоесаяси ахуалды ескере отырып, дінаралық татулық пен тұрақтылықты, толеранттылық пен келісімді нығайтудың, оны құндылық ретінде насихаттаудың айрықша мәні зор екенін атап өтті.

Іс-шараға спикер ретінде философия ғылымдарының докторы Наталья Сейдахметова,  Философия, саясаттану және дінтану орталығының директоры Алмасбек Шағырбай, ҚР Президент жанындағы жастар кеңесі мүшесі, дінтанушы, PhD доктор Елнар Берікбаев секілді дін саласындағы бірқатар сарапшылар қатысты.

Бұдан бөлек, қоғамдағы дінаралық татулық пен келісімді сақтауға, нығайтуға қосқан айрықша үлестері үшін облыс әкімі атынан бірқатар клуб мүшелеріне арнайы алғыс хаттар табысталды.

Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке өз сөзінде Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының қызметі жаңа деңгейге шығуда екенін және клуб аясында бірлесе отырып, қоғамымыздың өзекті мәселелерін шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті.

- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Жарнама -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости