-9.1 C
Алматы
-10.5 C
Капшагай
Четверг, 12 декабря, 2024
spot_img

ҚАЗҰУ-ДА ҚОСДИПЛОМДЫҚ БАҒДАЛАМАЛАР ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Жетекші жоғары оқу орындары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Баку мемлекеттік университетінің базасында жоғары білікті мамандарды және теңіз индустриясын басқару және энергетикалық қауіпсіздікті, теңіз және энергетикалық заңдар мен ғылыми-педагогикалық салада қызмет атқара алатын жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында магистратурада 7М04212 – «Теңіз және энергетикалық құқық» қосдипломдық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

«7М04212 – Теңіз және энергетикалық құқығы» мамандығы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы жоғары білім алу жүйесінде маңызды әрі ерекше бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарлама теңіз және энергетика құқықтары саласында терең білім мен практикалық дағдыларды дамытуға арналған. Қос дипломды бағдарлама халықаралық стандарттарға сәйкес екі немесе одан көп жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүзеге асырылады және студенттерге екі дипломды білім алуға мүмкіндік береді.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының магистранттары Баку мемлекеттік университетінде қос дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша дипломдарын алды.

ҚазҰУ-інің 2-курс магистранты Майлыбай Ерен
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы Рашева Гульнур Койшыновна

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости