Пятница, 17 мая, 2024

Басқада

spot_img

Отбасы институты және оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы

Белгілі ресейлік ғалым, еуразияшылдық идеясының авторы Лев Николаевич Гумилев бір кездері халықтың күші оның көптігінде емес, оны сақтап, ұрпақтарына және әлемнің қалған бөліктеріне бере алатын рухани мәдениетте екенін айтқан.

ЕС-164/1 мекемесінде 12 жас қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 6 тағылымдамадан өтуші ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында оқу орталығында бастапқы даярлықтан өтеді. Әрбір жас қызметкерге тәлімгер бекітілген, ол қызметтің бірінші жылында көмектеседі, тәжірибесімен бөліседі, моральдық-психологиялық қолдау көрсетеді. Тәлімгерлік — жас ұрпақты тәрбиелеудегі қажетті элемент, бірақ тәлімгерлік институтынан басқа жас қызметкердің жеке басын қалыптастыруда отбасы үлкен рөл атқарады.

Біздің болашақ ұрпағымызды тыңдауға және түсінуге, басқа адамның пікірін құрметтеуге үйрету қажет. Онсыз қазіргі әлемде жетістікке жету мүмкін емес. Жас қазақстандықтар өз елінің патриоты болуға, этностық, конфессиялық немесе кез келген басқа негіздегі кез келген экстремистік идеяларға сенімді иммунитеті болуға тиіс. Тек осылай ғана біз дағдарыстар мен басқа да қазіргі заманғы сын-қатерлерге лайықты тойтарыс бере аламыз және Қазақстанды гүлденген және табысты мемлекетке айналдыра аламыз. Отбасылық тәрбиенің сөзсіз қажеттілігі мен ерекше маңыздылығы отбасы институтының бүгінгі жағдайын мұқият қарастыруға шақырады.

Отбасы тұлғааралық қатынастардың, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың өзара әрекеттесуінің арқасында жас қызметкердің физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдайлар жасайды, оған рухани құндылықтар, моральдық нормалар, дәстүрлер, мінез-құлық және қарым-қатынас тәсілдері жүйесін береді.

ЕС-164/1 мекемесінде жас қызметкерлердің отбасыларымен тығыз қарым-қатынас жүргізілуде. Туыстары мекеме басшылығымен әңгімелесетін кездесулер, отбасылық спорттық іс-шаралар, тренингтер өткізіледі. Тәлімгерлер жас қызметкерлерге тұрғылықты жері бойынша барады, туыстарымен әңгімелеседі, тұрмыс жағдайымен танысады. Бұл бағыттағы жұмыс жақсы нәтиже береді, өйткені отбасы институты жас қызметкердің жеке басын қалыптастыруға негіз болатын психологиялық негізді қалыптастырудағы басты буын болып табылады

«ЕС-164/1 мекемесі» РММ

КСБ психолог-иснпекторы

әділет аға лейтенанты

Сулейменова Д

Жаңалықтар | Новости