Пятница, 17 мая, 2024

Басқада

spot_img

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне 2021 жылдың басынан бастап 2000 жуық өтініш келіп түсті.

Азаматтардың негізгі мәселелері сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша республиканың басқа өңірлерінің мекемелеріне ауыстыру, сондай-ақ сотталғандарға қатысты ізгілік актілерін қолдану болып табылады. Департамент басшылығы өтініш берушілерге толық жауап беру үшін қажетті шараларды қабылдайды. Пандемия (карантинді күшейту) кезеңінде азаматтарды қабылдау ZOOM платформасы арқылы онлайн жүзеге асырылады.

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді, оған сәйкес басшылық азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асырады. Қабылдау кестесі туралы ақпарат, жазба үшін байланыс деректері Департаменттің барлық ресми сайттарында орналастырылған.

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжановтың қабылдауына 8 (7152) 33-68-12 байланыс телефоны бойынша жазылуға болады. Қабылдау күні-жұма сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін. Кезекші бөлімнің, жедел желінің байланыстары ведомствоның ресми сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілерінде жарияланған.

СҚО БОЙЫНША ҚАЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Жаңалықтар | Новости