Суббота, 18 мая, 2024

Басқада

spot_img

Ақтөбедегі онкологиялық ауруханада лейкопластырь орнына скотч қолданылған

Ақтөбедегі онкологиялық ауруханада қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға лейкопластырь орнына скотч қолданылған, — деп хабарлайды «Диапазон» басылымы.

Басылымға онкологиялық есепте тұрған қала тұрғындарының бірі жүгінген. Ол ауруханада лейкопластырь жоқтығына шағымданған.

«Аурухананың бөлімшелері мен емханасында сынама алғаннан кейін жабыстыру үшін қарапайым лейкопластырь жоқ. Кәдімгі скотч қолданылады», — деп жазды ер адам.

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері лейкопластырь алуға өтінім берілгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, наурызда 2-клиникалық топтағы динамикалық бақылау аясында науқастарды көбірек қамту мақсатында онкопатологияны болжау және бақылау үшін барлық науқастан ісік маркерлері алынған.

«Лейкопластырь көп тұтынылуына байланысты 30 наурызда қосымша өтінім берілді. Ресми жеткізуші өкілінің («СК-Фармация») айтуынша, жеткізу мерзімі — үш жұмыс күні», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Жаңалықтар | Новости