Пятница, 12 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Сүт өндірушіге монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті (Департамент) «Ак-Булак продукт» ЖШС-не (Серіктестік) қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Атап айтқанда, Серіктестіктің іс-әрекетінде жұмсақ қаптамада 2,5% майлылығы бар сүт бағасын белгілеу және ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл фактісі анықталды.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Серіктестікке қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама (Нұсқама) шығарылды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сотпен Нұсқама мен әкімшілік іс Департаменттің пайдасына қаралды. Серіктестік жалпы сомасы 755 337 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke