Суббота, 18 мая, 2024

Басқада

spot_img

Алматылық бүлдіршіндер балабақшаға тегін барады

Биыл 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік осал топтан шыққан отбасының балалары Алматыдағы мемлекеттік балабақшаларға тегін барады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршіндер тегін тамақпен де қамтамасыз етіледі.

«Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар мемлекеттік бақшаларға тегін баратын болады. Сонымен қатар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектігі бар жандарға, мүгедектігі бар балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар тегін тамақпен қамтылады» — делінген хабарламада.

Жаңалықтар | Новости