Вторник, 30 апреля, 2024

Басқада

Қонаев қалалық мәслихат депутаты сайланды

2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қонаев қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 2650 азамат енгізілді. Дауыс беруге -1075 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 6 адам қатысты.

Айта кетейік, депутаттыққа үміткер ретінде 3 азамат тіркелген. Олар:

1. Нуркадыров Серик Нуркадырович – 1975  жылы туған,  Алматы облысы мәслихатының  аппарат басшысы.  Қонаев қаласының тұрғыны, ұлты – қазақ, «АMANAT» партиясы ұсынды.

2. Чимчиков Быржан Курманжанович – 1967  жылы туған, «Қапшағай АТО» ЖШС директоры, ұлты – қазақ, кандидат өзін-өзі ұсынды.

3. Каплюков Игорь Николаевич – 1966  жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтушы, Қонаев қаласының тұрғыны, ұлты – орыс, өзін-өзі ұсынды.

Кандидаттардың дауыс жинығының саны.

№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қонаев қалалық мәслихаты депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

▪️Игорь Николаевич Каплюков үшін сайлаушылардың 143 дауысы берілді,

▪️Серік Нұрқадырұлы Нұрқадыров үшін сайлаушылардың 737 дауысы берілді,

▪️Быржан Құрманжанұлы Чимчиков үшін сайлаушылардың 185 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 5;

Сайлау қорытындысымен №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қонаев мәслихаттың депутаты болып Нұрқадыров Серік Нұрқадырұлы сайланды, 1975 жылы туған, Алматы облыстық мәслихатының аппарат басшысы, Қонаев қаласы.

Жаңалықтар | Новости