Вторник, 30 апреля, 2024

Басқада

«Ұлттық өнеріміз бен дәстүрлерімізді ұлықтау-ұрпақтың аманаты» атты эстетика пәндерінің әдістемелік бірлестігі апталығы

«Алматым- жүрегімде» ән байқауының «Түркістаным- Тұраным», халықаралық «Золотой микрофон» байқауларының, «Бөбек» фестивалінің, сонымен қатар халықаралық «Бозторғай» фестивалінің лауреаты, балалар әні мен шығармашылығының Республикалық байқауының 4 дүркін «Ең үздік балалар ән композиторы.

Сондай-ақ, халықаралық «Астана жұлдызы» фестиваліне «Нұр Астана» әнімен қатысып, лауреат атанған, «Шекарашы сарбаздарым», «Қазақстан – Отаным менің» сынды патриоттық әндердің авторы, Республикалық «Әскери әндер» телерадио фестивалінде «Мәңгілік Ел» әнімен қатысып, «Үздік композитор» атағын алған, ән қоржынында 400-ден аса әндері бар, оның ішінде балалармен жасөспірімдерге арналған 200-дей әні бар халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты «Тамшылар» балалар орталығының директоры композитор Мақсат Жәутіковпен Алматы қаласы Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияда «Ұлттық өнеріміз бен дәстүрлерімізді ұлықтау-ұрпақтың аманаты» атты эстетика пәндерінің әдістемелік бірлестігі апталығы аясында «Біз бақытты баламыз!» атты кездесу кеші өтті. Кешке ауданымыздың музыка пәнінің мұғалімдері және «Комьюнити» орталығынан қонақтар келді. Кеш соңында Мақсат Жәутіковпен Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері мектебіміздің директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызынан сұхбат алынды. Бүкіл әлем таныған Мақсат ағамыздың әндерін мектебіміздің кішкене бүлдіршіндері орындап, қонақ кәде алды.

Жаңалықтар | Новости