БИЗНЕС — ЕҢБЕК АДАМЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУЫ КЕРЕК: «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ШАҚЫРДЫ

Қонаев қаласында «Әділет» партиясы сайлауалды штабының өкілдері шағын және орта бизнес өкілдерімен стенд форматында кездесу өткізді.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, кәсіпкерлікті дамыту, еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын барысында кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, еңбек ұжымына қолайлы жағдай жасау, жұмыс орындарының тұрақтылығын қамтамасыз ету және қызметкерлердің кәсіби дамуына қолдау көрсету жөнінде пікір алмасу өтті. Кәсіпкерлер өз ұсыныстарын білдіріп, бизнесті дамытуға қатысты өзекті мәселелерін ортаға салды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар бизнестің дамуы мен еңбек адамының әл-ауқаты қатар жүруі тиіс екенін атап өтті.

Еңбек адамына құрмет — әділетті қоғамның басты құндылығы. Жауапты бизнес — тұрақты қоғамның негізі!

#Әділет #ӘділетПартиясы #Қонаев #Кәсіпкерлік #ШОБ #ЕңбекАдамы #ӘлеуметтікЖауапкершілік #ӘділеттіҚоғам

Предыдущая статья

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke