Мен спортшы ретінде елдегі әрбір оң өзгеріске бейжай қарамаймын. Құрылтай – халықтың ұсынысы мен пікірін ортаға салып, елдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылайтын алаң.
Спортта жеңіске жету үшін мақсат, тәртіп және бірлік қажет. Елдің болашағы үшін де дәл осындай ынтымақ пен жауапкершілік маңызды деп ойлаймын.
Жастардың спортпен айналысып, білім алып, Отанға адал қызмет етуі – мемлекетіміздің жарқын болашағының негізі. Сондықтан ел дамуына бағытталған бастамаларды қолдау – әр азаматтың жауапкершілігі.
Бірлік бар жерде – береке, мақсат бар жерде – нәтиже! 🇰🇿
Мұратұлы Кенже Азия чемпионатының жеңімпазы


