Алматы облысының Іле ауданында Kusto Group холдингінің ірі инфрақұрылымдық жобасы — Kusto Logistics Terminal жаңа мультимодальды контейнерлік терминалының техникалық іске қосылуы өтті. Кешеннің жобалық қуаты жылына — 100 мың TEU.
Жаңа кешен тек Іле ауданы үшін емес, бүкіл Алматы көлік орталығын дамыту үшін де маңызды. Бір алаңда теміржол, контейнерлік, қоймалық, автокөлік және агроөнеркәсіптік логистика тоғысқан.
Терминал 26,5 гектардан астам аумақта орналасқан. Мұнда 4,5 шақырым теміржол желісі мен 31 вагонға дейінгі пойыздарды қабылдай алатын 10 теміржол тармағы салынды. Сонымен қатар кешен құрамына ауданы 12 мың шаршы метр контейнерлік майданша, кедендік режимі бар қоймалар, жүк рампалары, кросс-докинг аймақтары, жедел басқару орталығы және қажетті инженерлік инфрақұрылым кіреді.

