МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жариялады.Жолдауда экономикалық даму, мемлекеттік басқаруды жаңғырту, өнеркәсіп, білім мен ғылым, мәдениет және бизнесті қолдау бағыттары қамтылды. Білім саласында жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру, жеңілдетілген несие беру және білім гранттарын саралау бойынша маңызды бастамалар ұсынылды.Сонымен қатар саяси реформаларды жалғастыру, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және ел бірлігін нығайту мәселелеріне ерекше мән берілді.Жолдау – еліміздің болашақ дамуына бағыт-бағдар беретін маңызды құжат. Оны жүзеге асыру – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.