«Заң мен тәртіп» қағидаты – құқықтық мемлекет құрудың негізгі тіректерінің бірі. Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік заңның сақталуына және әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Заң үстемдігі орнаған жерде әділдік салтанат құрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сенімді қорғалады.Бүгінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті нығайту ерекше маңызға ие. Әрбір азамат өз құқықтарымен қатар міндеттерін де терең түсініп, заң талаптарын мүлтіксіз орындауы қажет. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдағы өзара сенім мен сыйластықты арттыруға ықпал етеді.