5 C
Алматы
6.9 C
Капшагай
Четверг, 31 октября, 2024
spot_img

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді анықтады.
Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша мектепке жұмысқа орналастырып беретінін айтып, сендірген. Ол жәбірленушілерден алдын ала қызметі үшін біреуінен 1 миллион теңге, екіншісінен 800 мың теңге көлемінде қаражат алған.
Алайда біршама уақыт өтсе де уәдесін орындамай, не ақшаларын қайтармаған. Яғни әйел алған ақшаны бас пайдасына жаратқан.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Жарнама -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости