1 C
Алматы
5 C
Капшагай
Пятница, 22 ноября, 2024
spot_img

Ұялы телефондарды ұрлаған күдіктінің ісі сотқа өтті


Келес ауданының полиция қызметкерлері дүкенде орын алған ұрлық қылмысын ашты.
Күдікті жігіт ұрлық қылмысын алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған болып шықты. Ол телефон сататын дүкенге тұтынушы болып кіріп, өзіне қажетті заттарды алмақшы болған. Оңай олжалы болуды көздеген ер адам сатушының басқа іспен айналысып тұрған сәтін пайдаланып, екі бірдей «Redmi» маркалы ұялы телефондарды жымқырып, дүкеннен ізін суытқан. Содан соң ұрланған телефондарды сатып жіберген.
Тәртіп сақшылары сатылып кеткен ұялы телефондарды анықтап, заңды иесіне тапсырды.
Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа жолданды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Жарнама -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости