❤️ Берік отбасы – бақытты болашақтың негізі! Бүгін Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен Қонаев қаласының көпсалалы колледжінде 3-курс студенттерімен «Некеге дейінгі оқыту» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – жастардың отбасылық өмірге дайындығын арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру. Іс-шара барысында мамандар отбасылық қарым-қатынас, құқықтық сауаттылық, қаржылық жауапкершілік және психологиялық дайындық тақырыптарында ақпарат беріп, студенттермен ой бөлісті.
👥 Кездесуге қатысқан мамандар:
🔹 Исамбекова Ғалима Амантайқызы – Қонаев қаласының «Отбасын қолдау орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры;
🔹 Даметкен Таласбековна – Қонаев қаласының «Аналар кеңесі» ұйымының төрайымы.
🔹 Мейірман Сауранбеков Батыргалиевич– Алматы облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі;
🔹 Жанузакова Назгуль Бейсембековна – Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының психолог-валеологы;
🔹 Турсунгалиев Тамир Турганбекович – орталықтың заңгері;
🔹 Ченгербаева Амина Нуртаевна – орталықтың психологы;
🔹 Үркінбаева Мөлдір Кәсілқанқызы – орталықтың әлеуметтік қызметкері;

