«Заң мен тәртіп: Қауіпсіз орта қалыптастырудағы ортақ жауапкершілік»

Облыстық семинар

Алматы облысында колледждердегі құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз білім беру ортасын нығайту мақсатында «Заң мен тәртіп: Қауіпсіз орта қалыптастырудағы ортақ жауапкершілік» тақырыбында облыстық семинар өтті.

🎯 Семинардың мақсаты – колледждерде «Заң мен тәртіп» жобасы аясындағы профилактикалық жұмысты күшейту, колледждер мен прокуратура органдары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың тиімді тетіктерін анықтау.

Семинарға Алматы облысы колледждері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтары қатысты.

📌 Семинар барысында:

🔹 Исбай Серік Асқарұлы, Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры, «Заң мен тәртіп: бүгінгі жастармен жұмыстың жаңа форматы» тақырыбында сараптамалық баяндама жасады. Баяндамада жастар арасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдермен жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың маңыздылығы талқыланды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke