2026 жылы «Бәйтерек» холдингі желісі арқылы ұзақ мерзімді қарыз беруге 270 млрд теңге қарастырылған

Сонымен қатар мал шаруашылығын қолдауға 84 млрд теңге, ал отандық ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін дамыту үшін «ҚазАгроҚаржы» арқылы бюджеттік несие беруге 50 млрд теңге бөлу ұсынылып отыр.

Сондай-ақ Құрылтай депутаттарымен ҚазАгроҚаржыға қосымша 37,5 млрд теңге бөлу ұсынылды. Бұл 2027 жылы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингіне 200 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңінен тарату бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға жеңілдетілген несие беру үшін қосымша 50 млрд теңге бөлу ұсынылды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke