Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты шеңберінде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр.
5 қазаннан бастап бүкіл ел аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғын үй секторындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, полиция мен халық арасындағы өзара байланысты нығайту. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері шамамен 249 мың тұрғын үй нысанын, оның ішінде 12,5 мың жалдамалы пәтерді аралап шықты. Тексеру нәтижесінде тіркеусіз тұрудың 9 мыңға жуық дерегінің жолы кесілді. 7 189 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрақты тұрғылықты жері жоқ 2 128 адам полиция органдарына жеткізілді.

