📌«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысушылар оқыған кітаптары туралы 40 мыңнан астам бейнепікірді тексеруге жолдады. Бұл ретте Астана қаласының, Жамбыл және Қызылорда облыстарының тұрғындары белсенділік танытты.
Марафонға қатысу шарттарының бірі – оқыған кітап туралы бейнепікір дайындау. Ұпай жинау үшін қатысушы бейнежазбасын әлеуметтік желідегі ашық парақшасына жариялап, сілтемесін reading-nation.kz сайты арқылы жіберуі қажет. Модераторлар тексеріп, мақұлдаған әр бейнепікірге 50 ұпай беріледі.
Бейнепікірде қатысушылар оқығанынан түйген ойларын ортаға салып, өзгелерге кітап ұсынады әрі сол арқылы көпшілікті кітап оқуға үндейді.
Оқырман марафонның түрлі санаттары бойынша қатысып жатыр. Атап айтқанда, Шұғыла Құдайберген мен Елдос Сафуллин «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» және Аружан Әбілқасымова «Кітап оқитын педагог» санаты бойынша тіркелген.
Марафонның белсенді қатысушыларының бірі – Алматы облысы Полиция департаменті Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Меруерт Морякова. Ол марафон басталғалы үш кітап оқып, 1 050 ұпай

