-9.1 C
Алматы
-10.5 C
Капшагай
Четверг, 12 декабря, 2024
spot_img

70-ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ФАКУЛЬТЕТ

90 жылдық тарихы бар отандық білім саласында тегеурінді орынға ие ғылым ордасы ҚазҰУ-нің еліміздің заң саласының бірегейлі және білікті мамандары қатарын толықтырып жатқанына, яғни Заң факультетінің іргесі қалануының 70 жылдық мерейтойына келіп жеттік. 

ҚР-ның Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары — деп көрсетеді. Ал мемлекетіміздің демократиялылығын сақтау, құқықтық сипатының болуы мен жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау заңгерлердің жауапкершілігінде. Еліміздегі сол заңгерлердің елеулі де маңызды бөлігінің білім алған ұясы ол —  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

ҚазҰУ- бұл жай ғана білім беру, ғылым мен зерттеу мекемесі емес ғасырға жуық жылдар бойы қалыптасқан білім мен мәдени мұраның нағыз қазынасы. Ұрпақтар арқылы ғылым, прогресс және жаңашылдық дәстүрлерін алып жүру арқылы осы беделді мекеменің қабырғасында көрнекті ғалымдар, ашушылар және мемлекет қайраткерлері жасаған даңқты дәстүрлер бүгінде өзінің жалғасын табуда. Университет іргелі білім мен оқытудың жоғары деңгейінен басқа ғылыми зерттеулер, жаңалықтар және инновациялық әзірлемелер орталығы. Студенттер мен оқытушылар әр жаңа түлек пен әрбір жаңа ғылыми жұмыстың дамуы мен өсуін жалғастыратын үлкен және мағыналы тарихтың бөлігі болып табылады.

Мықты профессорлық құрамға ие заң факультеті еліміздің құқық саласында ойып тұрып орын алатын мамандардың ұшқан ұясы ретінде даму сатысында көптеген өзгерістер мен жаңашылдықтар енгізді.

Сапалы құқықтық білім — бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталатын құқықтық мемлекет құрудың негізі. Құзыретті заңгерлер әділеттілік пен заңды мүдделерді қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар Сот төрелігі жүйесін қолдау және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту арқылы қоғамдағы тұрақтылыққа ықпал етеді. Құқықтанушылар терең білімге, жоғары этикалық мәдениетке және сыни ойлау дағдыларына ие болуы, олар адам құқықтарын қорғауға, сауатты заңдар құруға және оларды қолдануға жақсы дайын болуы шарт. Осылайша, мемлекеттің әлеуметтік және құқықтық негіздерін нығайта отырып, күрделі құқықтық мәселелерді кәсіби түрде шеше алатын мамандарға ие болу үшін мемлекетке сапалы заңгерлік білімге инвестиция салу өте маңызды. Осы жауапты қызметті ҚазҰУ-нің Заң факультетінің профессорлық құрамы жүзеге асырып келеді. Факультетте 15 ҚР Ұлттық Заң Академиясының академиктері, 30-ға жуық докторлар  мен  профессорлар,  70-тен аса ғылым кандидаттары, 30 доктор PhD,  сонымен қатар ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Конституциялық Соты, ҚР Жоғары Соты, Құқық қорғау органдары мен Ғылым академиясы қызметкерлерінен құралған жоғары тәжірибелі мамандар дәріс жүргізеді.

Қазіргі таңда факультеттің бакалавриатында «Құқықтану», «Мемлекеттік қызмет», «Кеден ісі», «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламары бойынша, магистратурада «Мемлекеттік қызмет және әкімшілік қызмет», «Кеден ісі», «Теңіз және энергетикалық құқық», «Қаржы құқығы», «Құқық қорғау қызметі», «Азаматтық құқық», «Сот-прокурорлық тергеу қызметі», «Құқықтану», «Криминалистикалық сараптамалар», «Сот сараптамасы» білім беру бағдарламары бойынша, ал докторантурада «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша дайындайды.

Факультеттегі бүгінгі таңдағы қызмет етіп жатқан «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы», «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы», «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы», «Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы» профессорлық құрамы заң шығару қызметіне белсенді қатысады, қолданыстағы заңнама бойынша түсініктеме береді, нормативтік құқықтық актілердің сарапшылары, жетекші шетелдік және ұлттық журналдарда жарияланған оқулықтардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың авторлары болып табылады.

Құқық саласының дамуының себебі сапалы білім мен қабілетке ие заң шығарушы, құқық қолданушы мамандардың жұмысының жемісі болып табылады. Еліміздің құқықтық сипатын дамыту жолында ҚазҰУ-дың заң факультетінің профессорлық құрамының студенттердің білімі мен қабілеттерін шыңдау жолында еңбегі зор.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к.
Мынбатырова Н. К.

Заң факультетінің 2-курс
магистранты Қуандық Хорлан Нұрланғазықызы

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости