-7.1 C
Алматы
-3.7 C
Капшагай
Среда, 15 января, 2025
spot_img

Ардагерлер алғысын арқау еткен госпиталь жайлы бір үзік сыр

Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі мемлекетіміздің саясатын негіз етіп, ұлт саулығын қалыптастыру, ҚР денсаулық сақтау ісін ілгерлету, еліміздің медицинасының дамуына үлес қосу бағдарында толайым табыстарға жетіп отыр. Тарих толқынының түрлі кезеңдерімен бірге жасап келе жатқан госпиталіміздің уақыт алдындағы миссиясы, қоғамдық қызметі халық мүддесімен біте қайнасып, тәуелсіздік алған жылдары жаңа деңгейге көтерілді.

Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі медиациналық мекеме, аяулы ұжым, жақсылықтар жарасымы бүр жарған киелі шаңырақ қана емес, қоғамдық институт, ұлттық денсаулық сақтау ісін ілгерлету мекені.

 Талай тарихи тұлғаның, ардақты ардагер мен қоғам қайраткерлі, елге танымал батагөй ақсақал, құрметті ана-әжелеріміздің алғысын арқалаған мекемеміздің тарихы тым тереңге тамыр тартқан.

Алғашында республикадағы соғыс мүгедектеріне қызмет көрсететін мекемелерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, емдеу-кеңес беру көмегін көрсету мақсатында құралған «Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі» игі дәстүр, нық қызметінен жайылмай, өз миссиясын адал атқарып отыр. Атап айтар болсақ, 2023 жылдың 10 айы ішінде госпиталімізде 3585 науқасқа ем-дом жүргізілген. Оның ішінде терапия бөлімінде 1728 ардагер, неврологияда 1464,  оңалту бөлімшесінде 393 ардагерімізге  медициналық қызмет көрсетілсе, күндізгі стационарда 517 науқас ем қабылдаған.

Сонымен қатар, соңғы жылдары госпиталіміз бірқатар жетістіктерге жетті, сапалы қызмет көрсету  тұрғысынан толысты, заман талабына сай жарақталған базамыз ардақты ардагерлемізге құшақ ашты. Бізде қазір алты бөлім ардагерлерімізге қызмет көрсетеді. Госпиталь неврологиялық оңалту, кардиологиялық оңалту және басқа да оңалту бойынша медициналық қызметтер көрсетеді. Госпитальда күндізгі стационар, клиникалық зертханасымен консультативтік-диагностикалық бөлімшесі мен дәстүрлі емес медицина кабинетімен физиотерапия бөлімшесі және емдік-дене шынықтыру залы бар бассейн жұмыс істейді. 

Бір қуанарлығы, соғыс зардабын тартып, денсаулығына зақым келген немесе ядролық сынақ аймағында болған ардагерлерімізге көрсетілер қызмет сапасын жақсарту мақсатымен госпиталімізді арнайы көпбейінді ауруханаға айналдырдық. Қазіргі уақытта әрі емдеу-диагностикалық орталығы әрі санаториялық-курорттық үлгідегі ауруханаға айналған мекеме маусым сайын еліміздің әр өңірінен ардагерлерді қабылдап отыр.  Мәселен, 2023 жылдың 10 айы ішінде жалпы науқастар саны бойынша Республикамыздың  басқа аумақтарынан келетін  емделушілер саны 87,1%, ал алматылық емделушілер үлесі 12,9%-ға жетті.

Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталіміздің қоғамдық институт есебінде де маңызды іс-шаралардың арқауына айналғанын мақтанышпен айтуға болады. Ардагерлеріміздің жылы лебізі, ақ батасы біздің ұжымға серпін сыйлап, күш береді. Бізде тұрақты түрде мәдени іс-шаралар, маңызды даталарға сай салтанатты жиындар, тәрбие сағаттары мен шеберлік сыныптары өтіп тұрады.

Мысалы, осы жылдың тоғызыншы ақпанында Денсаулық сақтау министрлігі және госпиталь ұжымының ұйымдастыруымен Ауған соғысына қатысқан ардагерлеріміздің құрметіне орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кеш өтті. Тарихи тағылымы мол іс-шарада еліміздің әр тарабынан келген ардагерлер бас қосып, өткен күннің естеліктеріне үңілді, тәуелсіздік тарту еткен бейбіт күннің берекесіне бой жылытты. Бар аймақтан келген ардагердің басы біріккен салтанатты жиынды Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Шекара академиясының әскери оркестрі рухты әуен, әсем сазбен көмкерді.

Дәл осы салтанатты да рухты жиында елді елең еткізерлік ерекше оқиға болды. Кешке қонақ есебінде келген құрметті генерал майор Марат Алимжанұлы өзінің жасағындағы сарбазы тосыннан кездестіріп қалды. Сарбаз Олег Озеров осылайша Ауған асуындағы жетекшісін біздің іс-шарамызда қанша жылдан кейін кездестіріп, көзіне жас алды. Біз тарихи сәтке куә болдық. Жиында қайта табысқан сарбаз бен генерал мойор ел алдына шығып, көпшілікке, ұмымдастырушыларға шексіз алғысын жаудырды. Ардагерлерді ұлықтап, тарихи жеңісімен құттықтап қана қоймай, қанша жылдан кейін бір ортада табыстырған госпиталь ұжымына алғыс айтты. Мұндай ерекше оқиғалар біз үшін де маңызды, біздің мекемеде әрбір ардагердің қуанышы, денсаулығы, тағылым-өнегесі мен жүріп өткен сара жолы қашан да басты назарда.

Сол күнгі кеш соңында естеліктер айтылып, ұзақ уақытқа дейін ардагерлер өзара қауқылдасып жатты. Расында, көпшілік құнды кешті ғана қызықтап қоймады, өнерпаздардың ыстық ықыласы, мейманасы тасыған ардагерлер мен ізетті дәрігерлер қауымының әрбір әрекеті ерліктің даңқы мәңгі өшпейтінін  айғақтап тұрды.

Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім қайшыласқан қанды шайқасқа қатынасқан Марат Мажитов, Алик Атыканов, Мұрат Абдушукуров, Байдаулет Даркенбаев, Алмасбек Айдарбаев, Болат Сайлан, Жұмат Құнанбай, Дүйсен Мағұлұмов, Марат Сайбеков, Бахыт Такирбасов, Алтынбек Танабаев, Валерий Перминов, Наурызбай Айдабосын, Махат Смаков сынды ардагерлерімізге алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыстадық. Әрине, мұндай мерейлі жиындар арқылы ардагерлер алдындағы перзенттік борышымызды толық өтей алмасымыз анық. Десе де, мұндай іс-шаралардың ел үшін, ұжым үшін, жастар үшін тәлім-тағылымдық маңызы аса зор.

Ардагерлерімізге құрмет көрсету, денсаулығына жанашырлықпен қарау қоғамымызға ізгілік сәулесін таратудың тіке жолы. Ұлт пен буындар арасындағы құнды байланыс – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, Отан мен қоғам алдындағы қызметіне жауапкершілікпен қарау арқылы қалыптасады. Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген жандарға сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету арқылы Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту госпитальдің басты міндеттерінің бірі. Мекеме дәрігерлері де ардагерлердің ықыласына бөленіп, елдің қазыналы қартын ұлықтау мінберінен абыроймен көрініп келеді. Ардагерлерге сапалы медициналық қызмет ұсыну – ардагерлерге ғана емес, ерлік пен елдігімізге көрсетер құрметіміз деп білеміз. Барша ардагерлеріміздің амандығын, еліміздің гүлденуін тілеймін.

Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық  госпиталь директоры
Г.Т.Джумасеитова

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke