Әлемнің екінші ұстазы аталған Әл-Фараби бабамыздың есімін иеленген қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы ҚазҰУ 90 жылдығынатап өтті. . Қазақ ұлттық университеті – іргелі білімошағы, ғылым мен мәдениеттің орталығы. Халқымыздың заңғар перзенттері қызмет еткен, талай талантты ұл-қыздарымыз шыққан қарашаңырақ. Университтің мақсаты – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, заң саласына,экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.
«ҚазҰУ халықаралық QS рейтингінде 230-орында. QS Asia университеттері рейтингібойынша 29-шы сатыда. 90 жылдық тарихы бар университетте 3354 оқытушы-профессор табыстыеңбек етуде.Әлемнің 54 елінен 3928 шетелдікстудент білім алуда.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия мен Қырғызстанғаресми сапары аясында Ыстамбұл, Бішкекқалаларында ҚазҰУ филиалдары ашылды. Сондай-ақ университет базасында Ресейдің МИФИ Ұлттықядролық зерттеу университетінің филиалы жұмысістейді.Қазақстан Президентінің Қытайғамемлекеттік сапары барысында ҚазҰУ базасындаСолтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалын ашу туралы келісілді.Филиалдыңсалтанатты ашылу рәсімі өтіп, ғылыми-зерттеужұмыстарын жүргізу үшін арнайы зертханалықсыныптар іске кірісті.
Университетте сапалы білім алғысы келетін әрбірстудент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар. Университетте Қазақстандағы ең үлкен және ең бай кітапханалардың бірі бар.Әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасыОрталық Азиядағы ең ірі кітапханалардың біріболып саналады. ҚазҰУ жас ғалымдарға жақсыжабдықталған жатақхана ұсынатын студенттік қаласаналады. Университетте 5000-нан астам студенттіқабылдай алатын 14 үлкен жатақхана орналасқан. Университетте 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк бар.Университет керемет және жан-жақты академиялық бағдарламаларды ұсынады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студентітілдік дайындықтан, сондай-ақ шетелдік ғылымижәне оқу орындарында ғылыми тағылымдамаданөтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам профессорлық-оқытушылық жәнеәкімшілік қызметкерлеріне халықаралықконференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындарымен ТМД, Еуропа, Солтүстік және ОңтүстікАмерика, Таяу Шығыс және Азия елдеріндегіұйымдарға шетелдік іссапарлар ұйымдастырады. Оқу ғимараттары Алматының экологиялық таза және гүлденген аймағында орналасқан. Университет аумағында: Ө.А.Жолдасбековатындағы студенттер сарайы, ғылыми кітапхана, интернет орталығы, спорт кешені мен стадион, сондай-ақ «Керемет» студенттерге қызмет көрсетуорталығы орналасқан.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық УниверситетіҚазақстанның жетекші классикалық университетімəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымыныңірі орталығы. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғарғыбілім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандарордасы деуге болады.
Андабаева Г.К
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және жоғары бизнес факультеті экономика кафедрасының доценті
Даирбек Мадияр
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және жоғары бизнес факультеті экономика кафедрасының студенті