2026 жылғы 29–31 қазан аралығында Қонаев қаласының аумағында «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты:
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу;
Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау;
Жасөспірімдерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу;
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғынжайдан тыс жерлерде жүруін бақылау.
⚠️ Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қайда және кіммен жүргеніне назар аударыңыздар. Олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауға шақырамыз.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Қонаев қаласының полиция басқармасы 👮♂️
#Қонаев #Демалыс #Профилактика #ЖасөспірімдерҚауіпсіздігі #ЗаңЖәнеТәртіп

