Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Тұрғындар кезек бойынша пәтер алу және Соболев көшесіндегі үйдің қасбетін жөндеу сұрақтарын көтерді.
Қала әкімі халықты баспанамен қамтудағы жалғыз оператор «Отбасы банк» АҚ екенін айтты. Пәтерлерді үлестіру банктің автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Кеңес алу үшін «Отбасы банк» АҚ Қонаев қаласындағы қосынына жолығуға болады. Кеңсе Қонаев көшесі 7/2 мекенжайында орналасқан.
Асхат Бердіхановтың тапсырмасына сай, Соболев көшесі №10 үйдің қасбетін ретке келтірумен ТҮКШ бөлімі айналысатын болды. Бұған дейін аталған үйдің тұрғындарына нысанның сыртқы келбетін жақсарту туралы хабарлама берілген.

