Жаңа Конституция – мемлекеттің дамуына бағыт-бағдар беретін, қоғамның құқықтық негізін нығайтатын маңызды құжат. Оның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және елдің тұрақты дамуына жол ашу.
Конституция – әрбір азаматтың құқығы мен міндетін айқындайтын, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын негізгі заң. Сондықтан конституциялық өзгерістердің мәнін түсіну, ел болашағына жауапкершілікпен қарау – баршамызға ортақ міндет.
Мықты мемлекет – әділетті қоғамнан басталады. Ал жаңа Конституцияның маңызы оның қағидаттарының өмірде жүзеге асуымен өлшенеді. Елдің ертеңі – заңға құрметпен қарайтын, бірлігі бекем, жауапкершілігі жоғары қоғамның қолында.

