Биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті 80 жылдығын атап өтеді, бұл оның Қазақстандағы заң білімі мен ғылымының дамуына қосқан оразан зор үлесін көрсетеді. Бұл факультет өз өмірін заңға, әділеттілікке және мемлекетке қызмет етуге арнаған мыңдаған заңгерлер үшін «alma mater» болды.
Факультет тарихында, Университетке, факультетке еңбек сіңірген, ел азаматтары аз болмады. Оның үлгісі ретінде Султан Сартаевич пен Салык Зимановты айта аламыз. Султан Сартаевич сонау қиын жылдарда Ата Заңымызды шегендеп, оның авторларының бірі болған ірі кесек тұлға. Егемендігімізді жариялау туралы декларацияныңда басы қасында болған, елімізге айтулы заңи оқиғалардың ішінде белсене қатысқан. «Әлем континентіне сапар» кітабында Султан Сартаевич жиырмадан астам мемлекеттердің құқықтық жүйесіне салыстырмалы талдау жүргізген. Бұл еңбегі сұранысқа ие болып, бірнеше рет басылымдарға шыққан құқық ғылымдары саласы үшін ерекше сапалы, құнды еңбек. ҚазҰУ-інде білікті заңгер профессор ретінде қызмет еткен. Ал Салык Зиманов сонау екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға аттанып, полковник шенімен оралған тұлғаның батырлығын айқын көруге болады. Содан кейін еліміздің заң саласында қызмет етіп, халқы үшін аянбастан еңбек етті. ҚазҰУ-нің заң факультетінің тұңғыш деканы болып қызмет атқарды. «Қазақтың ата заңдары» еңбегінде ежелгі қазақ хандығында сот жүйесін, қазақ елінде болған құқық жүйесінің маңызы мен мазмұнына терең талдау жасаған. Осындай ұлы тұлғалардан құралған факультеттен тәлім-тәрбие алып талай ұстаздар, талай білікті заңгерлер еліміздің заң саласын тізгіндей ұстады. Факультет жалпы елге берері мол, қазыналы мектеп іспетті. Оның бойында байлығы қазіргі уақытта да ел ішінде аянбай қызмет етуде. Факультет ішінде елге сыйлы осындай азаматтар көп деуімізге болады.
ҚазҰУ-дің 90 жылдығы-бұл жай ғана күн емес, бұл дәстүрдің, сәттілік пен көшбасшылықтың символы. ҚазҰУ Заң факультеті оқытушылардың, студенттер мен түлектердің ұрпақтарын біріктіре отырып, өсіп, дамуын жалғастыруда. Кешегі күнгі тарихта да, бүгінгі уақытта да, елге елеулі, азулы заңгерлерді, алып тұлғаларды өсіріп шығарған осы факультеттің жасары әлі алда болсын деп тілейміз.
ҚазҰУ-інің 2-курс магистранты Турарбек Мадияр Турарбекұлы
з.ғ.к.,
доцент Мынбатырова Нұрлайым Камбатыровна