Қонаев қаласында 100-ден астам тұрғын тұрғын үй кезегіне қатысты кеңес алды

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қандай мемлекеттік қызметтер қолжетімді? Өз кезегінің реттік нөмірін қалай тексеруге болады? Қандай құжаттар қажет және өтінішті қалай дұрыс тапсыру керек?

Осы және өзге де сұрақтарға Қонаев қаласының тұрғындары «Қызмет алушы күні» іс-шарасы аясында жауап алды.

Кездесудің мақсаты – тұрғын үй саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, азаматтарды толғандырған мәселелерді талқылау және практикалық көмек көрсету.

Іс-шара барысында тұрғындар бейінді мамандарға тікелей жүгініп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Жалпы, 100-ден астам адамға консультациялық көмек көрсетілді.

Мамандар тұрғын үй кезегіне тұру, кезектілікті тексеру, қажетті құжаттарды рәсімдеу, өтініш беру, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану тәртібін түсіндірді.

Мұндай кездесулер тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайтып, азаматтардың қажетті ақпаратты тікелей мамандардан алуына мүмкіндік береді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke