Ел арасында «Жайдарман» чемпионы, отандық кинолардың авторы әрің сценаристі және жас актер ретінде танылған Абылайхан Қасымов өмірінің қиын да қызық сәттерімен бөлісті.
Абылайхан Касымов Тоқтасынұлы 1991 жылы 24 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі – жиһаз шебері, анасы – аспаз. Бала кезінен өнерге жақын болып, балабақшада би мен әнге қызығушылық танытты. Ерте жастан оқуды, санауды үйреніп, белсенді әрі көңілді бала ретінде ерекшеленді.
“1998 жылы № 59 орта мектепке қабылданып, бірінші сыныптан домбыра үйрене бастадым. Оқу озаты және мұғалімдердің сүйікті оқушысы болдым. Бастауыш сыныптарда ән айту жарыстарына қатысып, өнерлілігімен танылдым. Жоғары сыныптарда театрлық қойылымдарға қызығушылық танытып, мектеп шараларында күлкілі сахналық көріністер қоюды ұнататынмын. Жасөспірім шағымда музыка жасау мен ән жазуға бет бұрып, 15–20 авторлық ән шығардым. 2009 жылы командалық рэп-баттлда жеңіске жетіп, шығармашылыққа деген ынтасын нығайтты”, — дейді ол.
Университетке түскеннен кейін КВН ойындарына қатысқан Абылай, бірінші жылы-ақ факультетаралық ойындардың чемпионы атанып, кейіннен университеттің құрама командасына қабылданып, 2010 жылы республикалық «Алматай» лигасында жеңіске жетті.
Квн жолында келесі жетістіктерге қол жеткізді:
Республикалық “Алматай” лигасы 2010. Чемпион
Халықаралық “Азия Микс” лигасы. Бишкек. 2011. 3-орын
Жайдарман. Премьер Лига 2011. 3 орын
Жайдарман. Жоғары лига 2012. 2 орын
Жайдарман. Жоғары Лига 2013. 2 орын
Жайдарман. Жоғары Лига 2014. Чемпион
Республикалық Ашық Лига 2013. Чемпион
Международный кубок Акима Жамбылской области 2013. Жеңімпаз.
Алматы ашық лигасы 2012 Чемпион
Аягөз Әкім кубогы 2015 жыл. Жеңімпаз.
Шымкент әкім кубогы 2014 жыл. 2 орын
Кубок Хабара 2012 “Үздік үй тапсырмасы”
Тот самый квн 2017 “Красавчики КВН” кубогының иегерлері
“КВН ойындарымен қатар, «Бас Продакшн» продюсерлік орталығында жұмыс істеп, скетчтер жазудан бастап, кейін сериалдар сценарийін жазуға көштім. Көптеген табысты жобалардың авторы атанып, қазақ телевизиясы мен юморына елеулі үлес қостым деп айта аламын”, — дейді Абылайхан.
Автор, сценарист ретінде істеген жобалары:
“Вузеры — 3”, “Ауылдастар”, “Ауылдастар — 2”, “Ауылдастар — 3” “Ауылдастар — 4”, “Кенже”, “Көрімдік”, “Абысындар”, “Пәленшеевтер-2”, “Пәленшеевтер-3”, “Бәсеке”, “Бәсеке-2”, “Тентек”, “Қызық Times”, “Қызық Премия”, “Той Базар”, “Той Заказ”, “Ұ-night show”, “DiNaZaur”, “Бумажный Домик”, “1001 кеңес”, “Зіл-әзіл”, “Патруль”, “Apple сити”
Сценаристік қызметінен бөлек, Абылайхан актерлік шеберлігін де шыңдап, «Айжан», «Бақытсыздар бағы», «Алмасити», «Зіл-Әзіл» сияқты танымал сериалдарда рөлдер сомдады. «Бәсеке» сериалында эпизодтық рөлдерде көрінді. Әсіресе, «Бумажный дом» сериалының пародиясы болып табылатын «Бумажный Домик» фильмінде автор және басты рөлді орындаушы ретінде ерекше көзге түсті.
“Домбыра мен гитарада шебер ойнайтынмын. Соңғы жылдары YouTube арнасы, Instagram және TikTok желілерінде белсенділік танытып, қомақты жазылушылар санын жинап, өз аудиториям пайда болып, қолдаушыларым табылды. Режиссура курстарын тәмамдап, кәсіби біліктілігімді арттырдым”, — дейді Абылайхан Қасымов.
Болашақта АҚШ-та тәжірибе жинақтап, қазақ киноөнерін әлемдік деңгейге көтеруді мақсат етеді. Оның мақсаткерлігі мен көпқырлы таланты қазіргі қазақ медиа кеңістігіндегі маңызды тұлғалардың бірі ретінде танылуына септігін тигізуде.