Оңтүстік Кореяның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы елдің қызметінен уақытша шеттетілген президенті Юн Сок Ёльдің қамауға алынғаны туралы хабарлады, деп жазады nurlyolke.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, 14 қаңтар күні таңертең тергеушілер оның ресми резиденциясына келіп, қамауға алу әрекетін екінші рет жасаған.
«Бірнеше апта бойы қиын жағдайда қалған президент өзінің күшейтілген резиденциясында жасырынған. Ол Президенттің қауіпсіздік қызметінің командасымен қоршалған күйде қамауға алудан қашып жүрді. Өйткені оған қарсы бірнеше тергеу және импичмент процесі күтіп тұр», – деп хабарланды материалда.
Сот шығарған ордерге сәйкес, Юн Сок Ёльді тергеушілер тек 48 сағатқа қамауда ұстай алады. Осы уақыт ішінде жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлықты тергеу басқармасы президенттің қамауда болу мерзімін ұзарту үшін қайта өтініш беруі қажет.