17 C
Алматы
Воскресенье, 8 июня, 2025

Қазақстан мен Нигерия ынтымақтастығының жаңа қадамдары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу-Даби тұрақты даму апталығы» халықаралық саммитінде Нигерия Федеративті Республикасының Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесу өткізді, деп хабарлайды nurlyolke.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Африка құрлығының ең ірі экономикасы және халқы тығыз қоныстанған елдерінің бірі Нигериямен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстан ерекше мән беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Нигерия Президенті Бола Ахмет Тинубу екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру мақсатында бірлескен жұмысқа дайын екенін білдірді.

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия көшбасшысын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Екі ел басшылары сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылап, халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke