Газа секторындағы бітім белгіленген уақыттан бірнеше сағат кешігіп күшіне енді. Израиль 19 қаңтарда босатылатын тұтқын әйелдердің тізімін алғанын растады. Бұған дейін Израиль билігі Газадағы соққыларды тоқтатудан бас тартып, ХАМАС бірінші кезеңде босатылатын тұтқындардың аттарын бермегендіктен, бітімнің басталуы кейінге қалдырылғанын мәлімдеген. ХАМАС бұл кідірісті «техникалық» мәселе деп түсіндірді, деп хабарлайды nurlyolke.kz, bbc-ге сілтеме жасап.
Кейінірек ХАМАС 19 қаңтарда босатылатын үш тұтқын әйелдің есімдерін жариялады.
Тұтқын әйелдерді босату жексенбі күні жергілікті уақытпен сағат 16:00-ден кейін жүзеге асырылады.
Жексенбі күні кімдер босатылады?
Эмили Дамари
Жексенбі күні босатылатындар:
- Дорон Штейнбрехер, 31 жаста, ветеринарлық клиниканың медбикесі. Лаңкестердің шабуылы кезінде Кфар-Аза кибуцыдағы пәтерінде болған.
- Эмили Дамари, 28 жаста, Израиль және Ұлыбритания азаматы. Сондай-ақ ХАМАС лаңкестері Кфар-Аза кибуцыдан ұрлап әкеткен. Өткен жылдың қараша айында босатылған тұтқындар оны тұтқында кездестіргенін айтқан.
- Роми Гонен, 24 жаста, Supernova фестиваліне жасалған шабуыл кезінде тұтқындалған.
Алдағы уақытта кімдер босатылады?
Тағы төрт тұтқын әйел жеті күннен кейін босатылады. Бітімнің алғашқы кезеңінде, яғни 42 күндік кезеңде, 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС ұрлап әкеткен 33 тұтқын Израильге қайтарылуы тиіс.
Израиль билігі ХАМАС тарапынан алты апталық бітім аясында босатылатын тұтқындардың фотосуреттерін жариялады.