-2.1 C
Алматы
Суббота, 22 февраля, 2025

Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті

2025 жылдың 3-4 ақпанында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысының басталуына арналған екі күндік семинар өтті.

Семинар барысында спикер ретінде Гүлназ Раздықова, Сұлтан Акимбеков, Нигора Кариева, Марат Садыков секілді мамандар сөз сөйледі. Өз кезегінде, спикерлер ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында қоғамда радикалды идеологияға қарсы иммунитетті және радикалды көріністерге төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған тақырыптардың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.

Қазіргі таңда Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобында әртүрлі саланың 70-тен астам маманы жұмыс істейді. Олардың қатарында психологтар, философтар, дінтанушылар, исламтанушылар, теологтар, заңгерлер, саясаттанушылар, сот аудармашылары, БАҚ өкілдері, спорт индустриясының мамандары, экономистер, әлеуметтанушылар, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің мүшелері бар.

Биыл ақпараттық-түсіндіру тобы түрлі санаттағы 600 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke