ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған байланысты Қонаев әкімдігі түрлі салада қызмет етіп жүрген кейіпкерлермен оқырманды таныстыруда.

Бүгінгі Еңбек адамы – Гүлбаршын Қамбарова. Ол – 5 баланы тәрбиелеп отырған ана. Бұдан бірер уақыт бұрын үйінен тосап, салат жасап, елге сата бастаған. Кейіннен мемлекеттік грант алып, өз ісін ашқан.
«Жасаған тағамдарға «Ayim» деген ортақ атау беріп, бренд еттім. Мемлекеттік грант алған соң, дүкен ашып, қолдан жасалған тосап, салаттарымды, сусындар, жеміс-жидек сата бастадым. Қазір айлық табысымыз жақсы шығып жатыр. Жұбайым да, балаларым да көмектеседі», – дейді әйел.
Сонымен қатар ол мемлекеттік қолдауды барынша қолданып, әрекет ету қажеттілігін атап өтті.
Айта кетейік, Қонаевта 6599 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Онда 16930 адам жұмыспен қамтылған.