Қонаев қаласында көшелер мен аулаларды абаттандыру мақсатында жыл сайын «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асады.
Аталған жобаның басты артықшылығы – кез келген тұрғын абаттандыру бойынша әкімдіктің ресми сайтында өтінім қалдыра алады. Биыл 20 жоба жүзеге асады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда өтініштер қабылдануда. (Сілтеме профильде)

Бұл жобалардың аясында:
- Қаланы көгалдандыру және көріктендіру;
- қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және т. б.) құру, жөндеу және жарықтандыру;
- бордюрлерді, тас төсеніштерін ауыстыру, жарық бағаналарын жөндеу;
- қоқысты жинау және өңдеу мақсатында полигондарды жою;
- балалар ойын алаңдары мен түрлі сәулеттік нысандар, қоқыс жәшіктерін, демалыс орындарын (беседка) орнату және жөндеу;
- аулаларда және қоғамдық орындарда спорттық алаңдар орнату, жөндеу, жарықтандыру;
- тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
- санитария деңгейін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдау көзделуде.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр аталған жоба аясында 10 аумақ жаңартылып, тұрғындарға қолайлы орта жасалды.