-3.1 C
Алматы
Суббота, 1 марта, 2025

Алматыда Жетісу жастары үшін комьюнити-орталықтарға экскурсия ұйымдастырылды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының бірлескен ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы комьюнити-орталықтардың жұмысы таныстырылып, тәжірибе алмасу мақсатында арнайы экскурсия өтті. Аталған шараға Жетісу облыстық жастар ресурстық орталығының 60-қа жуық жас маманы қатысты.

Экскурсия барысында Жетісу жастары Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жүзеге асырып отырған түрлі жобаларымен танысты. Комьюнити-орталықтардың жұмыс форматы, олардың жастармен өзара іс-қимылы және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырудағы тәжірибелері қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, Жетісу жастары Алматының белсенді жастары және комьюнити-орталықтарының жетекшілерімен еркін форматта пікір алмасып, өз аймақтарындағы жастармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Бұл кездесу өңірлер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, жастар саясатын дамытуға жаңа серпін беретін маңызды қадам болды.

Жетісу жастары үшін Алматы қаласының комьюнити-орталықтарына жасалған бұл сапар олардың өз аймақтарында жастарға арналған жобаларды жетілдіруге тың идеялар алуына мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар өңірлік жастар ұйымдарының бірлескен жұмысын жандандырып, тәжірибе алмасу алаңына айналатыны сөзсіз.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke