Алматы қаласы Алатау ауданы Құзіреттілік орталық КМҚК №76 бөбекжай-балабақшасында ҚР ОАМ Балаларды ерте дамыту институты және Қалалақ білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми — әдістемелік орталығымен бірлесе отырып “Келешекке Қадам: Балабақша Заттық-Кеңістігіндегі Жаңа Даму Трансформациясы»”курстан кейінгі сүйемелдеу тақырыбында семинары өтті.

Семинарға ҚР ОАМ Балаларды ерте дамыту институты Ақпараттандыру және қоғаммен байланыс департаментінің аға сарапшы Үміт Томпайқызы , Қалалақ білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми — әдістемелік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің жетекшісі Тумаева Раушан Кабдуллаевна және 2024 жылы білікті арттыру курсынан өткен педагогтер қатысты.
КМҚК 76 «Бөбекжай» балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдарда заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру мәселесін тереңдету мақсатында өтетін курстан кейінгі сүйемелдеу семинары ерекше нәтиже берді.

«Заттық-кеңістіктік дамытушы орта» ұғымы аясында, балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін және моторикасын дамытуға бағытталған әдістер Балабақшаға саяхат барысында балалар әртүрлі қызығушылық орталықтарында белсенді әрекет етті.Атап айтсақ: “Аспан ғажайыптары”, «Біздің бау-бақша», «Сюжетті рольдер», «Өндірістік кешендер», «Еңбекке баулу», «Біздің театр», «Су асты әлемі», «Метро», «Сурет салу, трафарет бастырудың сиқырлы әлемі», «Ұлттық құндылықтар және логика зертханасы», «Логопед», «Жантану»,«Монтессори», «Робототехника», «Тұзды шахта» әрбір орталық өз алдына ерекше атмосфера қалыптастырып, балалардың шығармашылық ойлауын, ынтасын және зейінін арттыруға мүмкіндік береді.

Курстан кейінгі сүйемелдеуі семинары балабақшадағы дамытушы ортаны ұйымдастырудағы жаңа тәсілдерді іске асырудың практикалық үлгісі болып табылды.Педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру арқылы, балалардың жеке дара қабілеттері мен шығармашылық әлеуеті дамып, олардың болашаққа сенімді қадам басуына ықпал етеді. Осындай шаралар білім беру жүйесінде инновациялық әдістерді ендіруге, педагогтардың өз білімдерін үздіксіз жетілдіруге және балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға үлкен үлес қосады.

Үміт Томпайқызы: осындай семинарлар мен тәжірибелік іс-шаралар болашақ ұрпақтың білім мен тәрбие саласындағы табысты дамуында маңызды рөл атқаратыны анық. Педагогтар мен балалардың ынтымақтастығы, шығармашылық пен білімге деген ұмтылысы – бұл ортақ мақсатқа жетудің ең тиімді жолы болып табылатынын айтты.

Біліктілікті арттыру курсында білім алған № 18, № 187, № 156, № 2 арнайы бөбекжай балабақша педагогтері курстан кейінгі алған білімдері бойыншы іс тәжірбилерімен бөлісті.
№76 бөбекжай балабақша педагогтері де шебер сыныб“Eco-Hub”тақырыбында ұсынып қызығушылықпен аяқталды.