-5.1 C
Алматы
Понедельник, 3 марта, 2025

Полицейлер тұрғындардан 4 келіден астам есірткіні тәркіледі

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі заттарын сақтаудың 2 фактісін анықтап, 4 келіден астам «марихуана» тәркіледі.

Мәселен полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданында «Audi» автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Тексеру кезінде көліктің салонынан есірткі заты бар 3 полиэтилен пакетін тапты.

Алынған заттың жалпы салмағы 3 келіден астам «марихуана» болып шықты.

Сондай-ақ жедел уәкілдер Сайрам ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде өсімдік тектес есірткі заты бар 4 полиэтилен орамасын тәркіледі. Алынған есірткінің салмағы шамамен 1 келі «марихуана» екені расталды.

Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Күдіктілер полицияға жеткізілді. Барлық мән жайлар анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke