Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі бүгін Сауд Арабиясының Джидда қаласында басталды – бұл туралы Украина СІМ хабарлады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Келіссөздердің басталуы туралы ақпарат сыртқы саясат ведомствосының ресми Telegram-каналында пайда болды.
Америка делегациясын мемлекеттік хатшы Марко Рубио басқарады. Оның жанында ұлттық қауіпсіздік жөніндегі президент кеңесшісі Майк Уолтс бар.
Украина делегациясының құрамында: президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак, оның орынбасары Павел Палиса, сыртқы істер министрі Андрей Сибига және Қорғаныс министрі Рустем Өміров бар.