Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.

Аталған бағытта жалпы саны 21 іс-шара ұйымдастырылып, 900-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті аға оқытушысы, теология ғ. PhD, Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы – дінтанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Кантарбаева Жанна Уринбасаровна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, Дүнгенбек Мадияр Жанғазыұлы – дінтанушы, Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы — ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану орталығының директоры, PhD доктор секілді дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері Қонаев және Қаскелең қалаларында, сондай-ақ Қарасай және Жамбыл аудандарында, Әйтей ауылдық округында, Кемертоған, Іргелі, Ұзынағаш және Заречный ауылдарында болды. Олар халық арасында «Қоғамда дінтанулық сауаттылықтың маңыздылғы», «Деструктивтік діни ағымдардың таралуын алдын алу», «Жастар арасында медиа сауаттылықты арттыру», «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге барудың қауіптілігі» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыз жастарды, ауыл тұрғындарын, мектеп оқушылары және т.б. топтар қамтылды.
Анықтама үшін: ИП «ACCOUNTGROUP»