16 C
Алматы
Среда, 30 апреля, 2025

Болашаққа нық қадам: №76 бөбекжай балабақшасының мектепалды топ тәрбиеленушілері №185 мектеп-гимназиясында қонақта

КМҚК №76 бөбекжай балабақшасының мектепалды топ тәрбиеленушілері КММ №185 мектеп-гимназиясына арнайы барып, білім ордасымен танысып қайтты. Іс-шараның басты мақсаты – балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайта отырып, болашақ бірінші сынып оқушыларының мектепке деген қызығушылығын арттыру және бейімделу үдерісін жеңілдету.

Балалар мектептің оқу кабинеттерін, кітапханасын, спорт залын аралап, болашақ ұстаздарымен танысты. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, танымдық ойындарға қатысты.

Осындай шаралар бүлдіршіндердің бойында мектепке деген оң көзқарас қалыптастырып қана қоймай, балабақша мен мектеп ұжымдары арасындағы өзара байланысты тереңдетуге ықпал етеді.

Кездесу соңында балалар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл күймен балабақшаларына оралды. Іс-шара тәрбиеленушілерге ұмытылмас әсер қалдырып, білім жолындағы алғашқы қадамдарына сенімділік сыйлады.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke