10 C
Алматы
Четверг, 1 мая, 2025

Сауран ауданында полицейлерге маңызды жиын өтті

Сауран ауданының полицейлерімен Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Сапар кездесу өткізді. Онда жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, әдеп нормаларын сақтау, полиция стандартын қалыптастыру, сонымен қатар ҚР ІІМ-нің идеологиялық, имидждік шараларын атқару мәселелері қаралды.

Іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі – тәртіп сақшыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу және патриоттық сезімін көтеру.

Сонымен қатар полицейлерді қызмет етуге қажетті соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, барынша жағдай жасау жайттары талқыланды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke