10 C
Алматы
Воскресенье, 4 мая, 2025

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев мәлімдеме жасады:

«Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, филиал жұмысына қатысты азаматтардан түскен шағымдар мен өтініштер бұған дейін біздің тарапымыздан қаралған болатын. Барлық сигналдар мұқият зерделеніп, расталған материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

Оперативтік бөлімшелер мен ішкі қауіпсіздік қызметінің үйлесімді өзара іс-қимылының нәтижесінде, құқықбұзушылықтардың көптеген фактілері тіркеліп қана қоймай, қылмыстық сөз байласу белгілерімен әрекет еткен адамдар тобының қызметі дереу тоқтатылды.

Біз арнайы ХҚКО қызметкерлері тарапынан орын алған кез келген сыбайлас жемқорлық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану әрекеттерін қатаң айыптаймыз. Мұндай жағдайлар азаматтардың сеніміне тікелей нұқсан келтіріп, халыққа әділ әрі ашық қызмет көрсету жүйесін бұзады.

Біз әр мемлекеттік қызметтің адал, ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету мақсатында белсенді жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Өткен жылы Ішкі қауіпсіздік қызметі тарапынан уәкілетті органдарға 90 материал жолданды, ал 2025 жылдың басынан бері – 23 іс тіркелді. Біз бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпаймыз. Реформа жолы мен жемқорлықпен күрес әрдайым күрделі сынақтармен қатар жүреді.

Ашықтықтың маңызды бөлігі ретінде ақпараттық қауіпсіздікке ерекше назар аударылып отыр. Деректердің таралуы мен рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғау мақсатында әлсіз тұстарды анықтау бойынша шаралар кешені іске асырылып, заманауи шешімдер енгізілді. Олардың қатарында Infowatch жүйесі де бар. Сонымен қатар, емтихандарда микроқұлаққаптарды анықтайтын және прокторинг жүйесі енгізілді».

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke