13 C
Алматы
Четверг, 29 мая, 2025

Алмалы комьюнити-орталығында “Комплаенс ғаламы: Қаржы әлемінің суперқаһармандары” атты Meet-up өтті

Алматыда Алмалы комьюнити-орталығының базасында “Комплаенс ғаламы: Қаржы әлемінің суперқаһармандары” атты кәсіби meet-up өтті. Іс-шараға FinTech индустриясының өкілдері, қаржы және құқық саласының мамандары, ішкі бақылау және комплаенс сарапшылары, сондай-ақ тәуелсіз консультанттар мен тәуекелдер жөніндегі мамандар қатысты.

Митап цифрлық трансформация жағдайындағы комплаенс саласындағы негізгі тәуекелдер мен өзекті үрдістерді талқылауға арналған жаңа форматтағы диалог алаңына айналды. Іс-шараның басты мақсаты — іскерлік ортада ашықтық, этика және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін нығайту.

Күн тәртібінде келесі маңызды тақырыптар қамтылды:

  • комплаенс дегеніміз не және оның заманауи бизнестегі рөлі;
  • алаяқтыққа қарсы құралдар (антифрод);
  • санкциялық тәуекелдерді басқару;
  • жеке деректерді қорғаудың заманауи талаптары;
  • криптовалюта және цифрлық активтер саласындағы комплаенс;
  • контрагенттерді кешенді тексеру (КПК);
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер.

Спикерлер бизнес пен реттеуші органдар арасындағы өзара іс-қимыл, ішкі бақылау мәдениетін дамыту және стартаптар мен инновациялық компаниялардың қызметіне комплаенс құралдарын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары:

  • Women in Tech Kazakhstan — технологиялар мен инновациялар саласындағы әйелдердің қатысуын қолдайтын халықаралық қауымдастық;
  • Compliance Hub — комплаенс саласындағы тәжірибе алмасу мен кәсіби дамуға арналған алаң.

Митап ашық диалог форматында өтіп, адалдық, жауапкершілік және цифрлық сауаттылық қағидаттарына негізделген орнықты кәсіби ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke